Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жасай бер, «Жамбыл-Таразым»!

0 314

Іздеп тұрар талай жерде төрді дәл,
Салмағына талай мықты қолды ұрар.
«Жамбыл-Тараз» газетінің білсеңіз,
Баспасөзде ойып алған орны бар.

Әрбір сөзі қазынадай асыл да,
Құндылықтың тұрар әркез басында.
Байтуов Дархан басшы болған газет бұл,
Жарқылдаған алғашқы сәт жасында.

Баспасөзден аулақ жүрер бөтендер,
Басшы болды Болат Бекжан, Бөкеңдер.
Эльмира ханым ұзақ жылдар басқарды,
Ирина һәм Оршабеков Көкендер.

Еңбек етті мұнда Сапар, Телғара,
Еділге де берілетін төр дара.
Осы күні халық іздеп оқиды,
«Жамбыл-Тараз» ой қозғаса толғана.

Еңбек етті Әбді атаның Ерманы,
Шын майталман маман болды ол дағы.
Досымжанды, Бақытжанды, Викторды,
Келер ұрпақ ұмытпаса болғаны.

Бұл газеттің түлегенін ел көрді,
Бар халықтың үні болып тербелді.
Осы газет Алты Алашқа танытты,
Жанат, Хамит, Жасұлан мен Өркенді.

Дәулет Төленді алды енді қолына,
Мықты маман, бағалаймыз оны да.
Бақ беделін көтеретін жігіттің,
Кім кедергі болар дейсің жолына?!

Газет құнын көтерудің жолы көп,
Соңғы кезде жаңалығы соны көп.
Елдің жайы, өзекті мәселелерді,
Іздеп жүріп жазып жатыр көбірек.

Қадамдар бар газет үшін келесі,
Әріптестер, елді үмітке бөлеші.
Алдына көп мақсат қойған осынау,
Басылымның биік болсын белесі.

Еңбектерін бағалаймын тау деп те,
Ұнай берсін жобалары, беу, көпке.
Дәулет мырза басқаратын басылым,
Ұнай берсін барлық үйге, әулетке!

Есет ДОСАЛЫ,
айтыскер ақын

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.