Еліміздегі коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бүгінгі жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.