Akimy.kz қосымшасын қолданушылардың айтуынша, ең нашар әкім Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов — 6190 адам «төмен қараған бармақ» деген баға берген, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әзірге көш бастап тұр — 2683 лайк. Бұл аптаның қорытындысы. Қазақстанда әкімдердің қызметін бағалауға арналған қосымша жақында ғана іске қосылды.