Қалалық қоғамдық-саяси газет

Майшелпекке айналған «Алтын орда» базары. Тоқаев екі ай уақыт берді

0 1  347

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы іргесіндегі «Алтын Орда» базарының жұмысына тоқталды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бір түйіткілді мәселені атап өтейін. Сауда-саттықтағы тиімсіз делдалдыққа тоқтау салатын кез келді. Мысалы, 3 миллион тұрғыны бар Алматы мен оның төңірегіндегі адамдар көп тауарды «Алтын Орда» базарынан сатып алады», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Алматы қаласы мен облыстың әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп, базарда тәртіп орнатуға тапсырма берді.

«Бұл жер пайдакүнемдер үшін май шелпекке айналған. Бұған Алматыдағы Қаңтар оқиғасы кезінде анық көз жеткіздік. Бұл басқа өңірлерге де қатысты. Қажет болса, бұл жұмысқа құқық қорғау органдары да атсалыссын. Екі ай уақыт беремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.