Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстан ауасы ластанған елдер рейтингіне енді

0 238

Қалалардың ластануы бойынша ең нашар елдер рейтингінде Қазақстан 115 елдің ішінде 33-орынды иеленді. Алайда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар бір жылда бар-жоғы 4 пайызға өсті, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда ластану индексі 73,4. Индекс неғұрлым үлкен болса, жағдай соғұрлым нашар болады.

Ең ластанған елдер қатарына Камерун, Моңғолия және Мьянма кірген. Финляндияда ластану индексі 12,1, бұл әлемдегі ең жақсы көрсеткіш. Рейтингке қатысатын ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға қарағанда Әзірбайжандағы жағдай нашар, Молдова, Украина, Ресей, Армения және Беларусьте көрсеткіш жақсы.

Былтырғы қорытынды бойынша қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күрделі инвестициялар 4,3 пайызға, 163,9 миллиард теңгеге дейін өсті.

Салыстыру үшін: 2020 жылы сектордағы инвестициялар 157,1 миллиард теңге, яғни бір жыл ішінде 33,8 пайыз көрсеткішті көрсетіп отыр.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.