Актриса әрі әнші Жарқынай Ханайым жақында ота жасататынын, одан кейін бір-екі апта үйде отыруға мәжбүр болатынын айтты,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Алайда актриса дәрігерлерге не үшін барғанын айтпады. Ол қандай операция жасау керектігін нақтыламады. Бірақ бұған дейін бір сұхбатында ол мұрнының пішінін ұнатпайтынын мойындады. Жарқынай өз ойларын желіде бөлісті.
“Не үшін адам өзін бірінші орынға қойып үйренгенде ғана оны өзгелер бағалай бастайды?” деп сұрады әнші.
«Енді ешкімді жүрегіме жақындатпаймын деп шештім. Құдайға шүкір, жанымда жақын жандар бар. Аман болсын. Достан да, дұшпаннан да көңілім қалды. Бизнесте тек заңмен расталған қағаздарға сен. Күш-қуатымды тек дұрыс бағытта жұмсаймын», – деп жазды ол.
Актриса ойы мен өзі туралы ұстанымдары өзгергенін айтады.
“Менің өмірімдегі ең бақытты шешімдердің бірі – адамдарға мен туралы ойларына не келсе де ойлауға мүмкіндік беру…
Сайып келгенде, бұл олардың басы, олардың ойлары және олар қажет деп санаған нәрсені жасауға жұмсаған уақыты. Мен не істедім? Мен енді ешкімнің көңілін қалдырудан қорықпаймын! Мен ұрыспен бір минутты босқа өткізбеймін… Мен ешқандай талқылауға араласпаймын. Мен өзімнің дұрыс немесе бұрыс екенімді дәлелдемеймін”, – дейді актриса.
“Әлемдегі ең тамаша сыйлы құрметті сұлу жақсы адам ол бірінші Өзіңсің! Өзіңді сақта құрметте, және сені құрметтейтін сыйлайтын қалай бар солай қабылдайтын, сені ешкіммен салыстырмай, сенің бар болғаныңа қуанатын Адамдармен бірге бол”, “Сен бақытты болуға лайықтысын! Айдармен бақытты болшы”, “Ма ша Аллах, өте керемет жансыз. Сондай ибалы, тәрбиелі. Сізді халық әрдайым қолдайды. Аққа Құдай жақ. Кішкентай періштеңіз аман болсын”, – деп жазды оқырмандары.