Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда 18-ге толмаған балалар ел ішінде тегін ұша алады

0 354

Қазақстан бойынша туристік пакет аясындағы рейстер 2 жастан 17 жасқа дейінгі балалар үшін тегін болып бекітілді. Ақпаратты мәдениет және спорт министрлігі растады,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz cайтына сілтеме жасап.

 Тиісті заң жобасы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Мұндай шара ішкі туризмді дамыту мақсатында жасалып отыр.

«Бекітілген ережеге сәйкес, ішкі туризм аясында қызмет атқаратын, туроператордан алынған, туристік өнімнің құрамына кіретін кәмілеттік жасқа толмаған балалардың әуе билеттері субсидияланады», – деп хабарланды мәдениет және спорт министрлігінен.

Ведомство мәліметіне сәйкес, бүгінге дейін туроператорлардан субсидияға өтініш түспеген.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.