Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жұбайына ән арнаған Ернар Айдар елді тәнті етті

0 352

Ернар Айдар өмірлік серігіне арнап ән шығарды. Әнші «Мәдина» атты туындысының тұсауын кесті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әнші жаңа әнін YouTube-тағы ресми арнасында жариялады. Жұбайын көп көрсете бермейтін Ернар бұл жолы онымен бірге түскен суретін жариялады.

Хитменнің бұл әрекетіне тыңдармандары тәнті болды.

«Құтты болсын, Ереке! Жеңгеміз мәз болып қалыпты ғой», «Неге Мәдина болмадым екен?» «Керемет ән», «Маған музыкасы, фотосы ұнап қалды. Бір сөзбен керемет», – деп тамсанды тыңдармандар.

Айта кетейік, Ернар Айдар 2017 жылы Мәдина есімді өзінің тыңдарманына үйленді. Әншінің екі қызы өсіп келеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.