Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлттық банк төрағасы тағайындалды

0 110

Сенат депутаттары Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ғалымжан Пірматовтың кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды   «Jambyl-Taraz» ақпарат  агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Конституцияға сәйкес Ұлттық банк төрағасының кандидатурасына келісім беру Сенаттың ерекше құзырына жатады.

«Конституцияға сәйкес, Президенттің Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады. Сенаттың келісімін алу үшін Президент палатаға тиісті ұсыным енгізді», – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың қарауына келісім алу үшін Ұлттық банк төрағасы лауазымына үміткер ретінде Ғалымжан Пірматовты ұсынып отырғанын жеткізді. Палата депутаттары кандидатурасына бірауыздан келісім берді.

Еске сала кетсек, Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Ерболат Досаев жақында Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.