Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық полицейлер 16 жылқыны қолды еткен күдіктіні ұстады

0 137

  2021 жылдың 2 қарашасында Шу аудандық полиция бөліміне 41 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 16 бас жылқысының жоғалғаны туралы арызданған,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, жылқылар өрісте қараусыз жайылып жүрген.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 29 жастағы Т. Рысқұлов ауданының тұрғыны ұсталды.

– Аталған дерек бойынша 188-1-бабымен (Ірі мөлшерде жасалған мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бапқа сәйкес үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы мен сыбайластарының бар-жоғын анықтау мақсатында жан-жақты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, – деп атап өтті Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Құрметті облыс тұрғындары!
Жамбыл облысының Полиция департаменті малды арнайы бөлінген орындарда және үнемі бақылауда ұстау қажеттігін тағы да ескертеді.
Оларды бағуға келісімшарт арқылы малшы жалдау керек. Себебі, көп жағдайда үй жануарларын қараусыз жайылымдардан ұрлайды. Олардың иелері бақылаусыз қалдырып, кейде малдың жоғалғаны туралы кеш біледі. Ал полиция қызметкерлері үшін мұндай қылмыстарды ізін суытпай ашу маңызды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.