Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала әкімі аппаратының бас инспекторы халыққа есеп берді

0 149

Бүгін Тараз қаласындағы №Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде қала әкімі аппаратының бас инспекторы Үсіпбеков С.Ж. №1 аумақтық округінің тұрғындарына есеп берді,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жиын қала әкімінің орынбасары Есеналиев Асхат Қамқабайұлының қатысуымен өтті. Кездесу барысында округ тұрғындары өз сұрақтарын қойып түрлі мәселелерді қозғады.
Оның ішінде:

• Төле би және Рысбек батыр көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолын жөндеу,және аялдама орнату.
• Рысбек батыр көшесі №9А, 7а, 4а үйлердің жылу жүйесі нашар болуы.
•Төрткөл тұрғын алқабына қатынайтын қоғамдық көліктерін көбейту.
• Сұлтанбаев көшесімен жүк көліктері жиі жүруіне байланысты жол белгілерін орнату.
•Қ. Жалайыри көшесінің бойындағы арық жүйелерін қайта қалпына келтіру секілді мәселелер қозғалды.

Барлық мәселе тіркеліп,жауапты бөлім басшылары бекітілді. Алдағы уақытта барлық мәселе зерделеніп, шешімін табатын болады.

___

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.