Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарағандыда жаяу жүргіншілер өткелінде шанамен жүрген екі баланы қағып кеткен

0 112

Қарағандыда жаяу жүргіншілер жолынынан шанамен өткен екі баланы 29 жастағы ВАЗ көлігінің жүргізушісі қағып кеткен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Тәттімбет көшесінде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, кішкентай бала шанада болған, қыз оны сүйреген. Болжам бойынша екеуі бір отбасының мүшесі. Зардап шеккендер соққы әсерінен бірнеше метрге ұшып кеткен.

“Жол-көлік оқиғасы салдарынан он бес пен бес жастағы балалар зардап шеккен. Олар бірден медициналық мекемеге жеткізілді. Факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешімдер қабылданатын болады”,- деді Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Желіге оқиға орынынан видео жарияланған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.