Айсәуле Бақытбек отбасылық қуанышымен бөлісті. Ол тұңғышына қандай есім бергенін жариялады, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол күйеуімен және қызымен түскен суретін жария етіп:
«Рүстем Сафия Әлішерқызы», – деп жазба қалдырды. Нәрестенің жүзін жауып қойған блогер: «Ешқашан бұлай істеймін деп ойламаппын. Бала босанғанда түсінесіздер», – деп жазды.
Айсәуленің айтуынша, күйеуі Әлішер ел алдына шыққанды аса қаламайтын жан. Бұл ұстаным олардың ортақ қызына да қатысты.
Айта кетейік, Сафия есімі шоу-бизнес жұлдыздары арасында кеңінен танымал. Сәкен Майғазиев, Бүркіт пен Аиша, Маржан Арапбаева өз қыздарына дәл осы есімді берген.