Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бүйрегінің тек 12 пайызы жұмыс істеп тұр»: Алматылық 6 жасар Дәнияның ата-анасы көмек сұрайды

0 2  093

Алматылық 6 жасар бүлдіршіннің операциясына 11 млн теңге қажет, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәния Алтайдың қазір бүйрегінің тек 12 пайызы жұмыс істеп тұр.

Тығырықтан шығар жалғыз жол — бүйрегін ауыстыру. Дәнияның салмағы жасына сай емес. Бар-жоғы 11 келі. Туа бітті құлағы естімейді. Нефротикалық синдромның кесірінен сіңірі тартылып, есінен танып қалатын сәті де көп. Сол себепті отаны шетелде жасау қажет.

Ата-анасы Түркияның клиникасымен келісімге келген. Бірақ ол үшін 11 млн. теңге қажет. Баласының өмірі үшін шырылдаған әке-шешесі бұл жағдайға бейжай қарамайтын жомарт жандардан көмек сұрайды. Мадина Исабекова, анасы:  –

“Бізге жетпей тұрған ақшаны жинауға көмектесулеріңізді сұраймыз. Дәнияның өзге балалар секілді өмір сүргенін қалаймыз. Өз бетімен жүгіріп, асыр салып ойнағанын көргіміз келеді. Халықтың көмегі шұғыл қажет болып тұр. Әр күніміз санаулы. Өзімнің бүйрегімді балама беремін. Операцияны неғұрлым тезірек жасамаса, жағдайы бұдан да ушығып кетуі мүмкін”, – дейді бүлдіршіннің анасы Мадина Исабекова.

Дәнияға көмектесу үшін байланыс:

8 747 741 79 45

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.