Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: Өз қылмысын түсірген ер адамның видеосы жарияланды

0 472

Алматыдағы тәртіпсіздіккерге қатысқан адамдардың кім екені белгілі болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туркалы ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтып берді. Ол тәртіпсіздіктерге өте жас адамдардың қатысқанын алға тартты.

“Тәртіпсіздікке қатысқаны үшін Алматы қаласында 18 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жасаған қылмыстарын телефонына түсірген. Оның ұялы телефонынан азық-түлік дүкендерінің бірінде ұрлық жасаған бейнежазба, ұрланған заттар аясында жасаған селфи және ең сорақысы, көшеде бір полиция қызметкерін топ болып қатыгездікпен ұрып-соғуға қатысқаны бейнежазба табылды. Бұл бейнежазбалардың барлығын күдіктінің өзі жасаған. Ол уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Мұндай фактілер көп»,  – деп Санжар Әділов ОКҚ-да өткен брифингте баяндады.

Қазіргі таңда тәртіпсіздіктерге қатысқан 274 адам қамауға алынған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.