Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жөндеу жұмыстарына кәсіпкерлер жұдырықша жұмылуда

0 185

Тараз қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде зақымданған нысандар қайта қалпына келтірілуде. Бүгінгі күні облыс әкімдігінің ғимаратындағы құрылыс жұмыстарына 35 техника мен 680 адам жұмылдырылған.
Бұдан бөлек, өңірдің бірқатар кәсіпкерлері нысандарды қалпына келтіру шараларына қол ұшын созып, көмек беруде. Солардың бірі – құрылысқа қажетті құрғақ қоспаларды әзірлейтін «AR Adhesion» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестік директоры Рустам Рашитов облыстық әкімдіктің жөндеу жұмыстарына өз қаражаты есебінен 5 тонна құрғақ қоспа жеткізген. Кәсіпкер қажет болған жағдайда тағы қосымша материал жеткізуге дайын екенін айтуда.

Дедек ТӨЛЕН 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.