Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ел тыныштығы бәрінен маңызды!

0 404

Күні кеше елімізде орын алған жағдай қабырғамызды қайыстырып, еңсемізді езіп кетті. Дегенмен Мемлекет басшысының жедел әрекет етуінің нәтижесінде қауіптің бұлты сейіліп, қалыпты өмірге қайта оралып келеміз. Алайда террористерге қарсы шаралар жалғасып жатқандықтан, арқаны кеңге салуға әлі ерте. Мамыражай күндерге тезірек оралуымыз үшін барлығымыздың атсалысқанымыз абзал.

Бүлік кезінде белгісіз тұлғалар қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз иемденіп кеткені белгілі болып отыр. Сондықтан мұндай азаматтардың қару-жарақты өз еркімен тапсырғаны немесе олар жайлы полиция қызметкерлеріне хабарлағаны жөн. Осылай еткен жағдайда ешқандай жауапкершілікке тартылмайтынына және аты-жөндері жария етілмейтініне құқық қорғау органдары кепілдік беріп отыр. Сондықтан тұрғындардың алаңсыз тұрмыс кешуі үшін осыған баршамыздың атсалысқанымыз абзал. Сонда ғана қайғылы оқиғаның қайталануына жол бермейміз. Ел тыныштығы бәрінен маңызды.

Күләш Әбдікешова,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы


Жуырда елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру мен бақылау мақсатында шаһардың 11 аумақтық округінде қалалық мәслихат депутаттарының, учаскелік полиция инспекторларының, қала әкімінің бас инспекторлары мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен 22 кездесу ұйымдастырылды.
Жиындар барысында тұрғындардың заңсыз иемденген қару-жарақтарды өз еркімен тапсыруы қажеттігі сөз болды.
Егер тұрғындар ұрланған қару, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат білсе, «102» нөміріне қоңырау шалуды немесе кез келген полиция бөліміне әкеліп тапсырғандары жөн. Мұны ерікті түрде жасаған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.