Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматылық әйел өз өмірін қатерге тігіп, жараланған әскерилерге көмектескен

0 352

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде террористер әскерилерді ұрып-соғып, қаруларын, жабдықтарын тартып алып, олардың формасын шешіп алып жатты. Ал қатардағы алматылықтар өз өмірлерін қатерге тігіп, жараланған жауынгерлерге көмектесті. Үш сарбазды құтқарған азаматшаның бірі – Мария Чечина. Әйел оларды әскери бөлімге апарған. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агентігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Айтуынша, балалар сарбазды жетектеп әкеле жатқан. Ол әскери киім киген, басында дулығасы жоқ, күртешесі сыртқа қарай шығып кеткен.

“Ол аяғы шалынып, әрең келе жатты. Балаға қарап, шошып кеттім. Бірінші қабаттағы терезені ашып, айқайладым. “Балалар, сендерге көмек керек пе?” дедім. Сарбаз подъездің ортасында жатты”, – дейді ол.

Оның сөзінше сарбазға жаны ашыған. Сөйтіп үшеуін бөлімшеге апарып тастаймын деп шешкен.

“Жиналып, шыға берейін дегенімде, балаларды апарып тастаймын деп шештім. Өзімнің балам маған қарап, жылап тұрды. Күртешемнен ұстап: “Мама, өтінемін, бізге аман-есен керексің” деді. Шевченко көшесіне шыққанда абдырап қалдым. Себебі көшенің астаң-кестеңі шығып жатты. Осы көшемен бәрі өткен: сарбаздар да, митингшілер де. Балаларды да апарып тастау керек еді. Сондықтан мен жолға шықтым. Қатты қорқынышты болды. Оларды апарып тастадым. Үйге қайтарда жол бойы жылап шықтым. Қорқыныштан емес, бұл жағдай өте эмоцияналды болды”, – дейді Мария Чечина.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.