Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Карьерамды аяқтағаннан кейін де осында тұрғым келеді». Игита Еуро қарсаңында сұхбат берді

0 437

  Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Нидерландыда басталатын Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде өнер көрсетуге дайындалып жатыр. Турнир қарсаңында команда капитаны Лео Игита Vesti.kz сайтына сұхбат берді. Ол құрама мүмкіндіктерін бағалап, төртінші орын алған әлем чемпионатына қарағанда бұл турнирде өнер көрсету неге қиын болатынын айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сұхбатта әлемнің бес дүркін үздік қақпашысы Игита әртүрлі командадан ұсыныс түскенін мойындады.

«Әлемдегі ең үздік қақпашыға ұсыныс түспесе, біртүрлі болар еді. Қазақстан – менің өмірім, қазір – менің елім. Отбасым үйреніп қалды, қызым осында оқиды. Сондықтан мен мүлде «жоқ» деп айта алмайтын ұсыныс керек. Әзірге ондай ұсыныс болған жоқ. Қаржы жағы да маңызды. Мені шақырған командалардың бәрі бірінші орын үшін күресіп жатыр, «Қайрат» та солардың қатарында. Қазақстандағы өмірім тұрақты, ұжымда жақсы қарым-қатынас бар, команда көшбасшысы, капитанымын», – деп бөлісті спортшы.

Белгілі қақпашы өзі үшін ресейлік командалар арасында күрес басталғанын айтты.

«Қай команда екенін айту керек пе? Жарайды, Ресейде мені барлық команда шақырды десе болады. Өйткені Ресейде жергілікті спортшы сияқты ойнар едім. Бірақ Еуропаны айтпай-ақ қояйын, қызғаншпен қарайтын адамдар көп, интернетте жаман жазбалар жазады, бұл жағымсыз. Сондықтан, иә, маған көп ұсыныс түсті, бірақ мені бұл жерден кетуге итермелеген ұсыныс жоқ. «Қайрат», Қазақстан. Мен карьерамды аяқтағаннан кейін осында тұрғым келеді», – деп мойындады Игита.

Еске салайық, 2021 жылдың күзінде футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, тарихта алғаш рет 4-орынға ие болған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.