Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаппай тәртіпсіздік: ІІМ қызметкерлеріне 150 мың теңгеден төленеді

0 290

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ТЖ режимі кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған қызметкерлерге 150 мың теңге көлемінде сыйақы бөлінгенін айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жоспарына сәйкес, Ішкі істер министрлігі үш шара бойынша негізгі орындаушы саналады. Біріншісі – жауынгерлік әзірлік пен техниканы арттыру, әскери қызметкерлер рухын көтеру шараларын қабылдау. Ең алдымен, арнайы жасақтардың материалдық-техникалық базасын нығайту көзделген. Жалпы, үкіметтік резервтен материалдық-техникалық базаны нығайтуға қаражат бөлінді», – деді министр үкімет отырысында.

Тұрғымбаевтың айтуынша, жеке құрамның рухани-адамгершілік рухын сақтау мақсатында қызметкерлер бойында отансүйгіштік пен борышқа адалдық сезімін ояту шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, қызметкерлер жұмысын бағалап, ынталандыру шаралары жүргізіледі.

«Мәселен, төтенше жағдай кезінде құқық қорғау қызметіне тартылған қызметкерлерге 150 000 теңге көлемінде сыйақы және курсанттар мен сарбаздарға бағалы сыйлықтар бөлінді», – деп қосты Тұрғымбаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.