Қалалық қоғамдық-саяси газет

Учаскелік дәрігерлерге 3 жалақы көлемінде үстемеақы төленеді

0 150

Учаскелік медицина қызметкерлеріне КВИ ауруларын үйде емдегені үшін 3 базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

«Амбулаториялық науқастар санының өскенін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердің жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде уақтылы медициналық көмекті нығайту және ұйымдастыру бойынша іс-шаралар қабылдауда», деді ол.

Министрдің дерегінше, қазіргі уақытта еліміз бойынша 3 054 мобильді дәрігерлік бригада жұмыс істейді, резервте 1 622 бригада бар. КВИ-мен ауыратын науқастарды амбулаториялық емдеуге учаскелік медицина қызметкерлері кеңінен тартылуда. Шұғыл медициналық көмекті 1 486 жедел медициналық жәрдем бригадасы көрсетеді, резервте 150-і жасақталған. Қазір КВИ кезінде медициналық көмек көрсетуге барлығы 40 мыңға жуық медицина қызметкері тартылған. Резервте 4 556 медициналық қызметкер бар, оның 1217-і – дәрігер.

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары қызметкерлерінің жұмысын ынталандыру мақсатында мобильді бригадалардың қайта шығуын, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы үйдегі стационарларды кеңейту және белсенді ашуға қосымша ақы төлеу бойынша іс-шаралар қабылданды. Сондай-ақ, учаскелік медицина қызметкерлеріне КВИ ауруларын үйде емдеген үшін 3 базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде қосымша ақы көзделген», деді Ажар Ғиният.

egemen.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.