Жамбыл облысы Тараз қаласының қан орталығында “Өмір сыйла” қайырымдылық акциясы өтті. Оған Жамбыл облысы ҚХА “Ассамблея жастары” республикалық жастар бірлестігінің өкілдері, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ қызметкерлері қатысты.
– Бүкіл ел үшін осындай қиын уақытта қолдау көрсеткені үшін шынайы алғысымды білдіремін. ҚХА әр түрлі төтенше жағдайларда көмек көрсету бойынша әрдайым алдыңғы қатарды бастап тұр, – деді акция барысында ҚХА мүшесі, қан орталығының директоры Гулам Умаров.
Айта кету керек, қан орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, соңғы күндері қан орталығына 700-ге жуық адам келген.