Тимур Сүлейменов Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
«Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылсын», – делінген Жарлықта.
Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде туған. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. 2002 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мэриленд университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болған.
Ал 2010 жылдан бастап 2012 жыл аралығында – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі.
2012 жылғы 1 ақпаннан бастап – Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министрі).
2016 жылы 28 желтоқсанда ол ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
2019 жылы ақпанда Үкімет тараған уақытта Сүлейменов осы қызметінен босатылды, оның орнына Руслан Дәленов келді.
2019 жылы наурызда Тимур Сүлейменов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалған болатын.