Өткен митингілер мен Алматыдағы тұрақсыз жағдайға байланысты Шымбұлақ тау курорты 2022 жылдың 5 қаңтарынан 2022 жылдың 12 қаңтарына дейін жабылды. Шипажай 13 қаңтардан бастап қайта ашылады, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматыда жаппай тәртіпсіздік болған кезде демалыс орны аумағында демалушылардың көпшілігі – шет мемлекеттердің азаматтары болған. Қауіпсіздік күшейтілді, «Шымбұлаққа» наразылық білдірушілердің шабуылы тіркелген жоқ.
Аспалы жолдың жұмыс уақыты:
«Медеу – Шымбұлақ» 08:30-18:00
«Комби-1» лифті 09:00-17:00
«Комби-2» лифті 09:00-16:30
Барлық курорттық қызметтер штаттық режимде жұмыс істейді. Түнгі шаңғы тебу уақытша тоқтатылды.