Қалалық қоғамдық-саяси газет

Карантин шектеулері күшейтіледі

0 318

Ақтөбеде «жасыл» мәртебесі бар адамдардың еркін жүріп-тұруына рұқсат берілді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Ал «жасыл» мәртебесі жоқ адамдар көпшілік жиналатын орындарға кіре алмайды.

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескеріліп, жаңа қаулы шығарылды. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебесі бар болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) жұмыс режиміне шектеу қойылмайды. Бұл қаулы 5-қаңтардан бастап күшіне енеді.

«Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойы, мерейтой) өткізу
толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай рұқсат етіледі. Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай рұқсат етіледі. Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар толтырылуы 80%-дан артық болмауы тиіс. Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар) толтырылуы 50%-дан артық емес болған жағдайда рұқсат етіледі. Сондай-ақ діни обьектілер жүрысына рұқсат. Тек адам сыйымдылықтың тең жартысын құрауы керек»,-деп жазылған қаулыда.

Қаулы 5 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.