Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дулат Исабеков: Барысқа тән мінез көрсеткендеріңізді қолдаймын!

0 376

Жаңаөзенде болған митингіге қатысты жазушы Дулат Исабеков пікірін білдірді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қымбатты жаңаөзендіктер, Маңғыстау мұнайшылары!

Сіздердің талаптарыңызды өте орынды деп есептеймін. Газдың үстінде отырып газ қымбаттаса, мұнайға шомылып отырып жанармай қымбаттаса, қамба толы астықтың үстінде отырып нан қымбаттаса, халық наразы болмағанда қайтпек?

Барыс жылының басында барысқа тән мінез көрсеткендеріңізді қолдаймын. Тек, араларыңызға араңдатушылар араласып кетпесін, содан сақ болғайсыздар.

Біздің үкімет өзін «еститін үкімет» деп жариялады ғой. Естіп, көріп отырған шығар бәрін. «Халық жазушылары мен халық артистері» халықтың жағында болатын шығар деп сенемін.

Әділдікті талап ету жолындағы наразылыққа билік бұл жолы күш көрсете қоймас. Тек, араңдатушылықтардан сақ болғайсыздар!», – деді драматург, жазушы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.