Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бурабайда полицей әйелді жүйткіп келе жатқан пойыздан құтқарып қалды

0 136

Транспорт полициясының қызметкері «Бурабай шипажайы» станциясында пойыз жолына абайсызда шығып кеткен әйелді құтқарып қалды. Бұл туралы ішкі істер министрілігі транспорт полициясының баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова мәлімдеді, деп хабарлайды ”Jambyl-Tatar” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

36 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 1 қаңтарда абайсызда пойыз жолына шығып кеткен. Жолаушыны полиция қызметкері Саят Қадыров құтқарып қалды.

Пресногорьковка-Павлодар пойызының жолаушысы станциядағы дүкенге бармақшы болған. Алайда ол Қарағанды-Қостанай бағытындағы №327 пойыздың келе жатқанын байқамай қалған.

Қуанышқа орай жақын маңда болған полиция сержанты Саят Қадыров жылдам әрекет етіп, әйелді құтқарған.

Саят Қадыров 1996 жылы Ақмола облысынта туған. Әскери борышын ҰҚК шекара қызметінде атқарған. 2018 жылдан бастап «Бурабай шипажайы» станциясында желілік полиция бөлімінің патрульдік полиция құрамында жұмыс істейді.

«Өз кезегінде транспорттық полиция департаментінің басшылығы адам құтқару кезіндегі ерлігі мен батырлығы үшін Саят Қадырбаевты марапаттау жайлы шешім қабылданды», –  деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.