Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ешкі адамға ұқсас лақ туды

0 157

Үндістанның Ассам штатында ешкі гуманоидқа ұқсас лақ туған. Ешкінің иесі 46 жастағы Шанкар Дасаның сөзінше, мұндай жағдайды бірінші рет көруі екен. Сонымен қатар ешкі осымен екінші рет төлдеген, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Лақтың түрі адамға ұқсайды және екі аяғы ғана бар. Беті, көзі мен мұрыны, ауызы баланікіне ұқсайды. Ауыл тұрғындары лақты көру үшін ешкі иесінің үйінде кезекке тұрған. Лақ тірі туған, бірақ көп уақыт өтпей өліп қалыпты.

Үндістанда төлдің немесе баланың мутацияға ұшырап тууы жаман белгі саналады. Үндістер мұндай мал иесіне жаманшылық алып келеді деп сенеді.

«Көп аймақтарда адамдар мутанттардың тууын құдайдан келген белгі, ескерту деп санайды», – деді жергілікті тұрғын Ракеш Кумар.

Мал дәрігері Файяз Ахмедтің сөзінше, басқа жануарлармен салыстырғанда ешкілерде мутацияға ұшыраған төлдер жиі туады екен.

«Ұрықтың дұрыс дамымауы Рифт-Валли безгегі әсерінен болғанға ұқсайды. Генетикалық мутацияға алып келген басқа да себептер болуы мүмкін», –  деді ол.

Бұған дейін Бразилияның Эспириту-Санту штаты, Нова-Валенсия муниципалитетінде екі басты бұзау туған. Төл өздігінен тамақтана алмағандықтан, иесі бөтелкемен тамақтандырған.


Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.