Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қызылорда облысында жаппай төбелес орын алды (видео)

0 182

Қызыолорда облысындағы жаппай төбелестің видеосы тарады. Видеодан жігіттердің қолдарына таяқ алып, бір-біріне тас лақтырғанын көруге болады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазалы ауданы полиция бөлімінде 2022 жылдың 1 қаңтарында төбелес орын алғанын мәлімдеді. Қазір бұзақылық дерегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.

«Полиция бөліміне ешқандай арыз келіп түспеді. Сонымен қатар аудандық ауруханада ешкім медициналық көмекке жүгінбеді», – деді ведомстводағылар.

Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Оқиға орнынан полиция бөліміне 8 адам жеткізілді. Істің мән-жайы анықталып жатыр», – деп қосты полиция департаментінде.
Қызылорда облысындағы жаппай төбелестің видеосы тарады. Кадрлардан ер адамдардың қолдарына таяқ алып, бір-біріне тас лақтырғанын көруге болады. Оқиға Қазалы ауданында болған. Полиция бөліміне 8 адам жеткізілген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.