Қалалық қоғамдық-саяси газет

Подъезде мас боп ұйықтап қалған Аяз ата күлкіге қалды (ВИДЕО)

0 613

Аяз атаның киімін киген ер кісі көптің күлкісіне қалды. Тәтті ұйқыда жатқан оны полицейлер келіп оятады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары Аяз атадан тәттілер сұрайды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Экспресс К порталына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан көпқабатты тұрғын үйдің баспалдағында ұйықтап қалған ер адамды көруге болады. Ол Аяз ата киімін киіп алған. Екі бүктеліп жатқан оны полицейлер келіп оятып алады.

«Жаңа жыл басталып кетіпті ғой… Аяз ата, тұрсайшы. Кәмпит бар ма? Кәмпит, печенье бар ма, брат? Жоқ па?», – дейді полицейлер.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары Аяз атаның мас боп қалғанын жазған.

«Аяз атаның өзі кәмпит боп жатыр ғой», «Полиция қызметкерлері әзілдеп түсіріпті ғой», «Мынау алқаш қой», «Ата мас, қашыңдар», «Сыйлығы көп болған соң көтере алмай шаршап қалыпты» деп жазды желі қолданушылары.

Бұл бейнежазба еліміздің қай өңірінде және қашан түсірілгені белгісіз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.