Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

40 мың долларға қошқар сатып алған фермер бизнестің құпиясымен бөлісті (Видео)

0 368

Шымкенттік кәсіпкер Қуаныш Мықтыбаев атақты “каштан” қошқарынан қанша пайда түсетінін айтты. Оның айтуынша, ерекше тұқымды жануар өз бағасын бір жылдың ішінде ақтап, пайдаға кенелтеді екен,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі  Экспресс К.сайтына сілтеме жасап.

 

Кәсіпкер Қуаныш Мықтыбаевтың қымбат қошқарларының видеосын журналист Берік Сұлтан өзінің Youtube-тегі BerikTV арнасында жариялады. Онда фермердің шаруа қожалығы мен тұқымы ерекше қошқарларын көруге болады.

Экспресс К Қуаныш Мықтыбаевтың 1 қошқарды 18 миллион теңгеге сатып алғанын бұған дейін жазған болатын. Кәсіпкер көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

“Каштанды 40 мың долларға алғаным рас. Қошқарды алған себебіміз — өзіміздегі мықты саулықтарға қойып, қозысын алсақ, соларды 1000-2000 доллардан сатсақ деген ой. Бұл каштан өзінің 40-50 қозысымен өзінің ақшасын шығарады. Биыл бұны “гуливердің” қойларына қоямыз 600 басқа. Ұрғашысы өзімізде қалып 300 еркекті сатқанның өзінде 150 мың доллар болып, өз-өзін ақтайды. Қозы егер “каштанға” ұқсаса, әрқайсын 1000 доллардан сатамын”, — деді Қуаныш Мықтыбаев.

X
Ж
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.