Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге қосымша жұмыс істеуге рұқсат берілмек

0 378

Мемлекеттік қызметшілерге жұмыстан бос уақытта қосымша пайда табуға рұқсат беріледі. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істер агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгінде ондай норма жоқ. Бірақ болашақта оны заңға кіргізуді ойластырып жатырмыз. Мысалы, жұмыстан бос уақытта айналыса алады. Дәл қазір заңнамада жоқ. Бірақ оны дайындап жатырмыз. Неге біз оларға қосымша жұмыс істеуге мүмкіндік бермейміз?», – деді Жайылғанова.

Осы орайда тілшілер нақты қандай қосымша жұмыспен айналысуға рұқсат берілетінін сұрады.

«Кәсіпкерлікпен емес. Қосымша басқа да жұмыстар болады ғой. Мысалы, жұмыстан бос уақытта такси жүргізуші болып жұмыс істегісі келеді. Отбасыны асырауға қосымша қаражат қажет болса, соған рұқсат беру үшін заңнамаға өзгерістерді дайындап жатырмыз. Бірақ ол әлі қабылданған жоқ. Ал кәсіпкерлікпен айналысуға болмайды», – деп нақтылады Жайылғанова.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.