Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көбіне өрттен көз жұмған: Қазақстанда төтенше жағдай кезіндегі өлім саны көбейген

0 385

Жыл басынан бері Қазақстанда түрлі төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер мен қаза тапқандардың саны артқаны байқалады. Бұл туралы брифингте төтенше жағдай министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою шеңберінде 2021 жылғы 11 айда ел бойынша 12 мыңнан астам төтенше жағдай тіркелді. Былтырмен салыстырғанда 8%-ға төмендеген”, – деді министр.

Бұл көрсеткішке жекелеген қызмет бағыттары бойынша алдын алу жұмыстары бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралардың арқасында қол жеткізілді.

“Бөлімшелер 11 мыңнан астам адам өмірін құтқарды, 12 мыңға жуық адам эвакуацияланды, 4 мыңнан астам азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Барлығы 76 мыңнан астам шақыртуға шықты.Сонымен қатар зардап шеккендер саны 1736, 5.5 пайызға өсіп тіркелген, ал қаза тапқандар саны 14,5% -ға өсіп, 838 адамға жеткен, материалдық залалдың 52,1%-ға, яғни 9,5 млрд теңгеге өскен”, – деді ТЖМ басшысы.

Қазақстандықтардың биыл өрт апаттарынан жиі көз жұмғаны анықталды. Атап айтқанда, өндірістік апаттарда 5 пайызға өскен, судағы апаттан 8,3 пайызға, ал өрттен 19 пайызға өскен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.