Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алаяққа сенген ақтөбелік тұрғынның 4 банкке 8 миллион теңгеден астам қарызы бар

0 501

Ақтөбеде алаяқтарға сенген тұрғындар билікке несиені онлайн беру тоқтатылсын деген талап қойды. Себебі, Ақтөбеде ондаған адам банкке бармай-ақ борышкер атанған. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телефон соққан алаяқтың сөзіне сеніп, несие рәсімдеп, ақшасын аударып алғанын да байқамай қалған.

Мәселен, ақтөбелік Гүлшат Айтқазиева бір күнде төрт бірдей банкке қарыз болып шыққан. Бір ай бұрын телефон арқылы қаржы ұйымының қауіпсіздік қызметінен деп таныстырған жігіт есепшотына шабуыл жасалғанын айтады. Оның алаяқ екенін білмей айтқанына арбалып, жолдаған SMS хабарламаларды мақұлдай беріпті. Ақыры қарапайым мұғалім өзінің сегіз миллион қарыз алып, оны танымайтын біреуге қалай аударып жібергенін аңғармай қалған.

Ақтөбе қаласының тұрғыны Гүлшат Айтқазиева: «Жалпы қарызымның көлемі – 8 миллион 800 мың. Барлығын біреуге аударып, онымен қоймай жалақым 2 қарашада түскен, дым да жоқ. Содан мен сенбі күні есімді жидым. Мен не істедім деп… Кеш. Өйткені телефонда WhatsApp-қа жауап бермейді», – дейді.

Осылайша, алаяққа алданған тұрғындар қалалық әкімдік алдындағы алаңға жиналып, биліктен онлайн несие рәсімдеуге тыйым салуды сұрап отыр.

Ақтөбе қаласының тұрғыны Сара Қожанова: «Онлайн кредитті тоқтатсын. Бұл деген Қазақстанның тек қана қарапайым халықты қанау ғана. Олардың жағдайын ешкім жасап жатқан жоқ. Біздің жағдайымызды қарасын. Алған адамдарды, кінәлілерді тапсын. Таппайынша басқалар зардап шегеді», – дейді.

Ақтөбеде сыртынан онлайн несие рәсімдеп, ақшасынан айрылған 74 адам полицияға арызданған. Қазір соның тек 13-і ғана сотқа жеткен.

Тергеушілер, ең алдымен, тұрғындардың өздері мұқият болса екен дейді.

Ақтөбе облысы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов: «Банк қызметкерлері болып таныстырып сөйлескен жағдайда міндетті түрде телефонды қойып, банктің кез келген банктің call-орталығына хабарласып, өзінің аты-жөнін айтып, осы айтылған деректерді тексеруге мүмкіндігі бар», – дейді.

Онлайн несиені қашықтан рәсімдейтін алаяқтардың көпшілігі Қазақстанда болса, бірен-сараны ғана шетелдіктер екен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.