Қалалық қоғамдық-саяси газет

Адам өлтіріп сотталған күзетші рақымшылыққа ілігіп, жазадан құтылды

0 618

Оралда адам өлтіргені үшін сотталған күзет агенттігінің қызметкері рақымшылыққа ілігіп, ақталып шықты. Оның серіктеріне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Astana TV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Соттың бұл шешіміне сотталушылардың қылмысты мас күйінде жасағаны себеп болған. Бірақ марқұмның туыстары оларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрап, аппеляциялық шағым түсірген еді.

БҚО сотының баспасөз хатшысы Нұргүл Қанатбаева: «БҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен Адилов пен Қафизовқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Қонысқалиға қатысты сот үкімі «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 07.12.2021 жылғы ҚР заңының 2-бабы 1-тармағына сәйкес негізгі жазадан босатумен өзгертілді. Үкім заңды күшіне енбеген», – деді.

Күзетшілер жаңажылдық кештен шыққан қала тұрғыны Қуаныш Ахметовты айықтырғышқа апарып, айтқанына көнбеген соң, аяусыз соққыға жыққан.

Қуаныш Ахметов олардан қашып құтылу үшін темір қоршаудан секіріп өтпек болады. Оны соңынан қуған үш күзетші төменге тартып түсіре бастайды. Сол кезде Қуаныштың қолтығын қаңылтыр кесіп кетіп, қансырап қалады. Осыған қарамаған күзетшілер оны аяусыз ұрып-соққан. Есінен танған жәбірленуші сол жерде көз жұмған.

Бұған дейін күйеуін өлтірген әйелге рақымшылық жасалғанын жазған болатынбыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.