Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Өзімді құрбандыққа шаламын»: Оралда әділдік сұраған белсенді уксус ішіп алды

0 169

Оралдық белсенді жалдамалы баспана мәселесіне наразылық білдіремін деп, сірке суын ішір алған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйел биліктен өзіне және тағы 150 тұрғынға тозығы жеткен баспаналары үшін берілген пәтерлерді жекешелендіруді талап етті. Қазір оның жағдайы ауыр реанимацияда жатыр.

Надежда Солодовникова – бір жылдан астам тозығы жеткен үйлерден қоныс аударған азаматтарға меншік құқығын іздеп жүрген жергілікті белсенді. 10 жыл бұрын Орал билігі 150 отбасына жалға берілетін пәтерлерді жекешелендіреміз деп уәде берген. Бірақ адамдар әлі күнге дейін баспаналы бола алмаған. Бір күн бұрын Надежда наразылық акцияларынан кейін билік тарапынан қысым көрсетілгенін айтып, видеоға түскен.

«Мен біздің шенеуніктерді кінәлаймын, өйткені олардың қысымына төтеп беру мүмкін емес.  Халқымызға меншік құқығын беру үшін мен өзімді құрбан етемін», – дейді Орал тұрғыны Надежда Солодовникова.

Осылайша әділдікке қол жеткізгісі келген Надежда өзіне қол салған.

«Ол мүлікті әділ жолмен кері қайтаруға тырысты. Бірақ оған қысым көрсетіле бастады»,- дейді Орал тұрғыны  Станислав Клыков.

Полиция мұның өз-өзіне қол жұмсау әрекеті екенін растады.  Надежда мірке қышқылымен уланған. Қазір жағдайы ауыр. Ауызын, көмейін, өңешін, асқазанын күйік шалған. Қылмыстық іс қозғалды.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталатын болады», – дейді БҚО полиция басқармасының баспасөз кызметі.

Ал шенеуніктер болса иығын қусырып отыр. Апатты үйлердегі пәтер иелерінің барлығын тек жалдамалы баспанаға көшіруге болады. Биыл 64 отбасы жекешелендіру құқығынсыз мемлекет меншігіндегі шаршы метрді өзінің тозығы жеткен жылжымайтын мүліктерінің орнына алады.

Оралда апатты үйлердің 215 тұрғыны баспана алу үшін кезекте тұр.  Көпшілігі мұндай айырбастауды тең емес деп есептеп, шеттегі жалдамалы пәтерлерге көшуден бас тартады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.