«Шекер», «Сәке» фильмдерінде ойнаған танымал актер Нышанбек Жұбанаев журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдері туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Журналист Нартай Аралбайұлы сұхбат барысында актер Нышанбек Жұбанаевқа ерекше сұрақ қойды.
«Мен сіз сомдаған рөлдердің ішінде таңқалған дүнием болды. Ол «Шекер» сериалына қатысты. Қараңызшы, Қуат жалаңаш қызды тізесіне отырғызып сипалап, құшақтап отырады да: «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл», – деп Абайды оқиды. Ойлаңыздаршы, тағы біреуінде Абайды бастайды «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да», – деп ескірткіні тартып жіберіп, «Ай, сука, ал», — дейді. Қалай, Хакім Абай мен боқтық сөзді қатар қойдыңыздар? Не үшін? Мұнымен не айтқыларыңыз келді?» – деді журналист.
Актер бұл сұраққа былай жауап берді:
«Бір рет Абай туралы спекталь қойдық, осыдан бастайық. Ол Мұхтар Әуезовтің «Абай» пьесасы емес. Ол Иран-Ғайыптың «Мен ішпейтін у бар ма?» дейтін Құнанбай атамыз бен Абай атамыздың қақтығысы туралы емес, мен өзімнің ойымнан Абай атамыздың поэзиясынан, оның қара сөзінен және де ақынның өмірінен қосып инсценировка жасадым. Аллаға шүкір, өте сәтті болды деп айта аламын, КБТУ-да қойғанмын оны. Сол кезде, тіпті, академияда жүрген кезде, ұстазым айтатын. Ұстазым Абайды, Құнанбайды ойнаған, Абайды біраз зерттеген кісі. Мені Абайға жақын қылған сол кісі. Сол кісі айтатын «Сен Абайдың әрбір екінші поэзиясын оқитын болсаң, шешеңді … деген сөз тұрады астарында», – дейтін. Қой дейтінмін. Сіз Абайдың кітабын алыңыз да, қайтадан сондай тұрғыда оқып көріңізші, астарында сондай бар ма деп «М м (таңқалып)», – дейсіз. Ондай боқтық сөз тіпті қара сөзінде де бар. Мәселен, боқтықта емес, аяқ астынан біз неге періште бола қаламыз? Ақындардың ең көп боқтайтынын сіз де, мен де, бәрі біледі. Неге өтірік айтамыз», – деді актер.