Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қыдырәлі мен Қарақаттың қызы Аяла сән әлеміне қадам басты

0 333

Белгілі әнші Қыдырәлі мен Қараттың қызы Аяла Қыдырәлі сән әлеміне қадам басты,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы анасы Қарақат Әбілдина Инстаграмдағы парақшасында жазды. Ол: «Жақсы хабарды сүйіншілей, жүрек дүрсілдеп, саусақ дірілдеп қана жазып отырмын. Алдарыңызда өсіп келе жатқан қыздарыңыз Аяла бүгін алып сән әлемінің үлкен сахнасынa, ұзыыын подиумда өнер көрсетті.

Таңғы 5-те тұрдық. 7- ні сәл аса ұшып кететін ұшақтан 5 минут кешігіп қалып қойдық. Регистрация жабылып кеткен. Одан келесі рейске билет алып, оны 3 сағат күткенде 1 сағат 45 минут кейінге шегеріп, не керек қызым екеуміз аэропортта 4 сағат отырдық. Репетициядан бәрінен қалып басталуына таяу әрең жеттік. Бұл реттегі сапардың жөні басқа еді. Себебі қызым бүгін алғаш рет үлкен жобаға қатысып отыр» деді анасы.

«Үстіндегі көйлегін бір де бір примеркасыз қолы алтын дизайнер @nazym.ermekkyzy бастаған @arunaz_atelier тігіп шықты. Ұшақтан түсе бере кигізіп көріп, сол жерде етегін қиып жаттық. Бала ұйқысыз, қарны да аш, аяғындағы туфлиі 1 размерге үлкен, салпылдап тұр. Қабаттап нәски, колготкиді тартып кигізіп, амалдаған болдық. Басқа балалар айлар бойы подиумда жүз жүріп, жүз түсіп дайындықтан өтті ғой. Біздің бала қайтер екен деп едім, жоқ, алып шықты. Сөзбен ғана ұқтырдым, “қызым, аноу ұзын сахнамен жүріп өтесің, бәрі саған қарайды, алдыңнан көп шамдар жанады, камералар ғой, қорықпа” деп қайта-қайта айттым. Уайымдап бір ысып-терлеп, бір суып-тоңып, уайымдап болдым. Осы қуанышымызды өздеріңізге жазып жеткізгенше асықтым. Ал енді Аяланың сән сахнасына аттаған қадамына сәттілік тілеп қойыңыздаршы» деп ағынан жарылды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.