Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нәресте әйелдің жатырына емес, бауырына біткен

0 690

Канадалық дәрігер Майкл Нарви ультрадыбыстық сурет арқылы жүкті әйелдегі ұрықтың бауырына біткенін анықтаған. Бұл туралы ол өзінің ТикТок желісінде көрсетті, деп хабарлайды ”Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеода педиатр Майкл Нарви ультрадыбыстық суреттегі ұрықтың бауырға бекітілгенін көрсетті. Ол суреттің 33 жастағы науқасқа тиесілі екенін түсіндірген.

«Біз нәрестенің іште дамитынын білеміз. Алайда бауырға бітуі бұрын-соңды болмаған жайт», – деді дәрігер.

Желідегі бұл видеоролик 4 миллионға жуық қаралым мен 20 мыңға жуық пікір жинаған. Көпшілік ананың жағдайы мен осы жайтқа байланысты ғылыми түсініктемелер сұраған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.