Танымал ресейлік кино және театр актері Максим Дрозд көпшіліктен ауруханада жатқан ұлы үшін дұға етуді сұрады,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.
“Ұлым ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Оның жазылып кетуі үшін дұға етіңіздерші”, – деп жазды актер өз Instagram парақшасында.

Максим болған оқиғаның мән-жайын айтпады. Десе де, 20 жастағы Егор Дроздың ауруханаға не себепті түскенін анықталған.
Сенбі күні кешке Мәскеудің батысында Егор Дроздың қатысуымен төбелес болған. Алдын-ала ақпарат бойынша, жанжалға қатысушылар мас болған көрінеді. Сонда Егор басынан ауыр соққы алып, есінен танып қалған. Ол Кутузовский даңғылындағы пәтерден Боткин атындағы ауруханаға жеткізілген.
Егор – Максим Дрозд бен жүзуші Анастасия Бровкинаның ұлы. Актердің өзі көрерменге “Гражданин начальник”, “Штрафбат”, “Охота на пиранью”, “Ликвидация”, “День Д” фильмдері арқылы таныс.