ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Министрлік мәліметіне сүйенсек, жаңа нормаларға сәйкес енді мынандай мүмкіндіктер пайда болды: – баспана сатып алуға қаржы жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинағы бойынша салымды толтыру.
Бұл ретте үш жыл ішінде тұрғын үй заемын ресімдеу қажет. – жеке үй салу үшін жер учаскесін сатып алу немесе өзінің жер учаскесінде жеке тұрғын үй салу. «Бұл ретте тұрғын үй құрылыс жинағы бойынша салымды кепіл ретінде беруге болмайды», – деді ведомстводан.