Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нигерияда содырлар тоғыз адамды атып кетті

0 354

Нигерияның орталығындағы мешітте содырлар кем дегенде тоғыз адамды өлтірді. Бұл туралы “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нигер мемлекеттік полициясының өкілі Балу Курьясаның айтуынша, 8 желтоқсанда бір топ қарулы адам Баре ауылына шабуыл жасаған. «Содырлар мешітке оқ жаудырып, тоғыз адамды өлтіріп, тағы бірнеше адамды жаралады», – деді Куряса.

Сонымен бірге, AFP агенттігінің жергілікті тұрғын Амаду Хамисудың сөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, ауылда 16 адам қаза тапқан. Аймаққа қосымша полиция күштері жұмылдырылды, содырларды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге болған оқиғаға жауапкершілікті ешкім алған жоқ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.