Қалалық қоғамдық-саяси газет

300-ге жуық адам мәжбүрлі емдеуге жіберілді

0 413

Жыл басынан бері Ақмола облысында ішімдікке әуес 289 азамат алкоголизмнен мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Құқықтық тәртіп» шарасы барысында ақмолалық поли­цейлер ішімдік ішкен адамдар­дың қылмыс жасауының алдын алуды көздеген. Сөйтіп, арақ-шарапқа үйір тұлғаларды есепке алуда. Ақмола облысы Полиция департаментінің арнайы есе­бінде 5 мыңнан астам маскүнем мен 478 ескірткіге тәуелді азамат тіркеліпті. Ал жыл басынан бері 700-ден астам қылмысты масай­ған адамдар жасаған. Олардың арасында ауыр және өте ауыр қылмыс жасағандар да бар. Со­дан болса керек, Ақмола об­лыстық соты алкогольге тәуелді болып қалған 351 адамды сот­таған, ал олардың 289-ы мәж­бүрлі түрде емдеуге жіберіліпті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.