Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Үздік ауылдық кітапхана-2021» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды

0 656

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Үздік ауылдық кітапхана – 2021» байқауы өткізілді.
Байқау ережесіне сәйкес, өңіріміздің 10 ауданы өз аймағындағы ең үздік деп танылған ауылдық кітапханаларын облыстық кезеңге ұсынып, осы ұсынылған ауылдық кітапханаларды әділқазылар алқасының мүшелері аралап, ішкі жұмыстары мен атқарып жатқан қызметтерін жан-жақты зерделеп, көрсетілім іс-шараларын бағалады.
Нәтижесінде кітапхана ісінің дамуына қомақты үлес қосқан, еліміздің мәдени өмірінде өз бастамалары арқылы оқу мәдениетін қалыптастырудағы ауқымды жұмыстары үшін Талас ауданы, Майтөбе ауылдық кітапханасы 2 орынға ие болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.