Қазақ тілінде күнделікті өмірде жиі қолданатын, бірақ көбі мағынасына үңіле бермейтін тіркестер бар. Бүгін ақыл-кеңес беру мағынасын беретін сөз тіркестерінің топтамасын ұсынамыз.
- Көзіңе қара! Абайла деген мағынада қолданылатын тіркес. Тікелей мағынасына үңілсек, адам өз көзіне өзі қарай алмайды.
- Көзіңді аш! Көзді ашуға ешқандай қатысы жоқ, сананы ашу, дамыту деген мағына береді.
- Көз жазып қалма! Белгілі бір нәрсені жоғалтыпа алма, жолдан адасып кетпе деген мағынаға саяды.
- Құлағыңды түр! Жақсы әңгіме айтылғанда ескер, жадыңа түйіп ал деген мақсатта айтылатын тіркес.
- Көзіңді сал! Мән беріп, қарау, назар аудару.