Үстіміздегі жылдың 30 қарашасы күні Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі «Бейбітшілік пен тұрақтылыққа 30 жыл» атты Ашық есік күнін өткізді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналып өткізілді.
Мақсаты – жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, облыстық ҚХА Ұйғыр этномәдени бірлестігінің қызметімен таныстыру, жастар санасында этносаралық бірлікті, толеранттылық пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру.
Іс-шараға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының белсенділері мен ұйғыр этномәдени бірлестігінің жастары, колледж студенттері мен қалалық №34-мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара Достық үйіне экскурсия жасаулан басталды. Танысу барысында қатысушылар «Қоғамдық келісім» КММ қызметі мен ассамблея құрылымдарының іс-қимылдарынан хабардар болды. Сондай-ақ, жиналғандар алдында Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы, ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Мухабат Абрахманқызы сөз сөйледі. Облыстық Махмута Қашқари атындағы бірлестіктің басшысы Мухабат Тұрдыева өз сөзінде ҚХА-ның ел өміріндегі маңызды рөлін атап өтіп, өзі басқарып отырған этномәдени бірлестіктің жұмысы туралы айтып өтіп, оның дәлелі ретінде жастарға бейнеролик көрсетті.
– 30 жыл ішінде Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Тәуелсіз Қазақстан үлкен жетістіктерге жетті, – дейді Мұхабат Тұрдыева. – КСРО ыдырағаннан кейін еліміздің жаңа өмірі басталды. Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясын құрды, ал 2007 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы болып өзгертілді. Біз-Қазақстанның біртұтас халқымыз, біз-еліміздің тең құқылы азаматтарымыз. Біз бейбітшілік пен бірлікті сақтауымыз керек,- деп, жастарға үлгі-өнеге боларлық ұлағатты сөздер айтты. Сонымен бірге, шара барысында «ассамблея дәрістері» өткізіліп, жиналған жұртшылыққа Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне орай, «Бейбітшілік пен тұрақтылықтың 30 жылдығы» атты сабағы өткізілді. «Ассамблея жастары – Тәуелсіз Қазақстанның патриоттары» тақырыбында «Жаңғыру жолы» штабының мүшелері сөз сөйледі, «Мамандық таңдау» СГТК колледжінің студенттері өз пікірлерін білдірді. Қатысушылар арасында танымдық викториналық сұрақтар қойылып, жастар құлшына жауап берісіп, өзара қызықты пікірталас та ұйымдастырды.
Ұйғыр этномәдени бірлестігінің жетістіктері туралы, оған қоса, осы аталмыш ұйымның кабинетіндегі марапаттары жөнінде де сөз болды. Жастарға ондағы әдебиеттермен, экспонаттармен танысуға да мүмкіндік болды.
Шара соңында Махмұт Қашқари атындағы бірлестіктің жетекшісі Мухабат Турдыева колледж директорлары Фарида Накыш пен №34 мектеп директоры Динара Нұралиеваны аталған мерекелерімен құттықтап, жемісті бірлескен ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.
Іс-шара қонақтар мен қатысушыларға арналған арнайы фуршет пен естелік-фотосессиямен аяқталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы