Қалалық қоғамдық-саяси газет

Павлодарлық әйел ұлын полицияға ұстап берді

0 446

Павлодарлық әйел ұлының үстінен полицияға шағым түсірді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігіа  stan.kz сайтына сілтеме жасап.

102 нөміріне хабарласқан әйел, ішімдік ішіп, жанжал шығарған ұлын алып кетуді өтінген. Қоңырау шалған кезде әйел жылап тұрған. Келген учаскелік инспекторға әйел ұлын жалғыз өсіргенін, есейген кезде өміріне қауіп төндіретінін ойламағанын жеткізді.

Учаскелік полиция қызметкері маскүнем баласын алып кетіп, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жатқызды. Сондай-ақ ол маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі.

«Алдағы уақытта бұл отбасы ерекше бақылауда және жіті назарда болады», – деді полицейлер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.