Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтанда бала емізетін әйел Pfizer вакцинасын алу үшін сүтін көрсетуге мәжбүр болған

0 626

Нұр-Сұлтан тұрғыны коронавирусқа қарсы Pfizer компаниясының вакцинасын алу үшін өзінің бала емізетінін дәлелдеуге мәжбүр болған. Әйел ол үшін сүтін көрсеткен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Алмат Ахматолла әйелінің басынан өткен оқиға туралы айтып берді.

«Өзінің бала емізетінін дәлелдеу үшін сүтін көрсеткен, бірақ бұл туралы ешқандай құжатта көрсетілмеген. Сүтін көрсетуден бас тарту вакцинадан бас тартумен бірдей. Бұл дұрыс па? Бала бір жастан енді асты. Баланың жасына қарап-ақ білуге болады емес пе?», – деп жазды Нұр-Сұлтан тұрғыны.

Бұл ақпарат туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер пікір білдірді.

«Вакцина салу кезінде медицина мекемесі тарапынан қателік кеткен секілді. Міндетті түрде анықтаймыз. Әйелдің лактация мерзімінде екенін дәлелдеудің қажеті жоқ екенін хабарлаймыз. Қаулыға сәйкес 2 жасқа дейінгі балалар бұл тізімге қосылады. Сәйкесінше бұл әйел де аталмыш топқа жатады. Барлығын анықтайтын боламыз», – деп мәлімдеді ведомствода.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.