Қалалық қоғамдық-саяси газет

Т.Рысқұлов ауданында алғаш рет мурал салынды

0 538

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына аясында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында белгілі қоғам қайраткері, қазақ халқының жанашыры Тұрар Рысқұловтың муралы пайда болды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Бұл арт-жоба  Құлан ауылы Жібек жолы мен Ә.Тілепов көшелерінің қиылысында орналасқан «ҚазПошта» ғимаратының қасбетінде салынды.

Муралды салу үшін 2 күн жұмыс жасалды.

Арт-нысан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Құлан ауылдық округі әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Аудан тұрғындары ғимарат  қабырғасына сән беріп тұрған стрит-арт суретін қолдап, аудан мақтанышына айналатынына сенімді.

«Халқына пана болған, өз ұлты үшін бар күш-жігерін жұмсаған, ұлы тұлға Тұрар Рысқұловқа деген құрметті одан әрі арттырады деп үміттенеміз. Сондай нар тұлғаның атын еншілеген біздің ауданымыз үшін үлкен мақтаныш», – деп ойын айтты Құлан ауылының тұрғыны Азат Алиханов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.