Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шортандыдағы газ баллоны жарылысы: 9 жасар қыз ауруханада көз жұмды

0 209

Ақмола облысының Шортанды ауданында болған газ баллоны жарылысынан зардап шегіп, ауруханаға түскен 9 жасар қыз көз жұмды. Мерт болғандар саны осымен 5-ке жетті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме жасап.

«Өкінішке қарай, Шортанды ауылындағы жарылыс кезінде зардап шеккен 2011 жылғы қыз 22 қараша күні кешке қайтыс болды. Түнгі сағат 11-де қыздың жүрегі тоқтап қалды. Жан сақтау бөлімінде жасалған іс-шаралар жүректі қайта соқтырмады», – деді Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардақ.

Қыз ауруханаға ауыр халде жеткізіліп, бірден жан сақтау бөліміне жатқызылған. Денесін 60%-ға күйік шалған қыз бір апта комада жатты. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, нәтиже болмады.

Айта кетейік, Шортанды ауданындағы жарылыс 16 қараша күні болды. Жарылыс болған сәтте үйде 12 адам болған. Олардың үшеуі (екі әйел мен бір бала) оқиға кезінде көз жұмды. Ауруханаға түскендердің арасында денесінің 70 пайызын термиялық күйік шалған 12 жастағы ер бала қарашаның 20-да қайтыс болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.